«Астана балет» театры - Түркістанда. Әлемге әйгілі ұжым «Ұлы дала мұрасы» атты бағдарламасын көрермен назарына ұсынады. Қойылым- балетмейстерлер Айгүл Тәти, Мукарам Авахри, Анвара Садықовалардың авторлық интерпретациясы. Аталған бағдарлама Қазақстанның заманауи және ұлттық хореография өнерінің үздік үлгісінен құралған.