Түркістан
EN

Шұбарсуда кәсіпкер өз қаражатына 2000 орындық мектеп салуда

59
24.08.2023

Облыс әкімі Дархан Сатыбалды Ордабасы ауданындағы бірқатар әлеуметтік нысандар мен өндіріс орындарын аралады. Алдымен, Шұбарсуда жеке кәсіпкердің қаражатына салынып жатқан 2000 орындық мектептің құрылысымен танысты. Заманауи талаптарға сай білім ұясында екі ауысымда 4 мыңға жуық оқушы білім алмақ. Ал, Темірлан елді мекенінде жеке кәсіпкер есебінен 70 гектар жерде 22 тұрғын үй құрылысы басталған. Тұрғын үйлер «Отбасы банк» арқылы беріледі. Сондай-ақ, ауылда газоблок және металл конструкцияларын жасайтын екі цехтың құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл жобалар жүзеге асса ауданға 1,7 млрд. теңге инвестиция тартылып, 150-ден аса тұрақты жұмыс орны құрылады.