Ордабасы ауданы, Төрткүл ауылында 300 балаға арналған мектептің құрылысы аяқталмай тұр. Оның әуелі бастағы құны 972 млн. теңге болған. Білім нысанымен Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев арнайы келіп танысып, жұмысты толық аяқтауды тапсырды. Құрылысқа жауапты мердігер мекеме жұмысты бірнеше айға кешіктірген. Оған құрылыс материалдарының қымбаттауы себеп болған көрінеді.