Түркістан қаласындағы мейрамханаларда бос орын жоқ. Бір ғана дәмханаға күніне шамамен 600-ден астам адам келеді екен. Жаз айларында тіпті қоғамдық тамақтану орындарында тіпті орын болмай, кезек күтуге тура келеді. Бұл қаламызға ағылып келіп жатқан туристер мен қонақтардың санының артуына да байланысты. Әрі қала тұрғындары да қоғамдық орындарда тамақтанғанды жөн көреді екен. Себебіне тілшіміз үңіліп көрді.