Түркістанда қанатын кеңге жайған кәсіп түрінің бірі - сәбіз турау. Палаусыз жиын өткізбейтін көне шаһарда ол кәдімгідей сұранысқа ие. Алайда нақты күніне қанша келі сәбіз туралады? Онымен кімдер айналысады? Бұл жағы көпшілікке беймәлім. Сондықтан тілшіміз бұл тақырыпты зерттеп көруді ұйғарды.