Түркістан облысында Сырдария өзеніне батып кеткен 11-ші адамның денесі табылды. Бұған дейін құтқарушылар 12 жастағы жеткіншектің мүрдесін оқиға орнынан 15 шақырым жерден алып шыққан еді. Ал өзге тоғыз адамның мәйіті оқиға болған күні судан шығарылды. Бұл жұмыстарға Шымкенттен қосымша күш тартылыпты. Айта кетейік, Отырар ауданында бір әулеттен шыққан 4 отбасының мүшесі дарияға демалуға барып, соңы қайғылы жағдаймен аяқталған еді. Кеше 9 адамның жаназасы шығарылып, денелері жер қойнына тапсырылды. Қазір тілсіз жаудан аман қалған 9 жастағы қыз бала мен 8 жасар ұл аудандық ауруханада жатыр. Ал азалы әулетке жан-жақты көмек көрсетілуде.