Түркістан
EN

Түркістан облыс әкімі қайғылы қазаға ұшыраған әулетке көңіл айтып барды

92
23.08.2023

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қара жамылған әулетке көңіл айтты. Аймақ басшысы Отырар ауданында қайғылы жағдайға ұшыраған әулетке арнайы барып, құранға қатысты. Тиісті көмек көрсетіп, қажеттілігінше қолдау ұйымдастыру жүргізілетіндігін жеткізді. Еске салсақ, Сырдария өзеніне демалуға барған бір әулеттің 11 адамы суға батып, қаза тапты. Бүгінде суға кеткен 11 адамның 9-ының денесі табылып, жер қойнына тапсырылды.