Үш жүздің басын қосқан Ордабасы – тарихи тағылымның ғана емес, экономикалық дамудың да жоғарғы көрсеткішіне ие аудан. Экономиканың басты көрсеткіші – жалпы өңірлік өнім көлемі соңғы 3 жылда 42 млрд.теңгеге өсіп, былтыр 130 млрд. теңгеден асты. Сондықтан да онда индустриялды аймақ құрылып, 1 млрд. теңгені құрайтын екі инвестициялық жоба іске асырылды. Өзінің келесі есептік кездесуін осы Ордабасы ауданында жалғастырған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды өз сөзінде сондай-ақ екінші жартыжылдықта құны 9,6 млрд. теңгеге 6 жобаны іске қосу жоспарланып жатқанын айтты.