Тіркелмей кәсіппен айналысу - заңға қайшы. Осы бағытта Сайрам ауданыныңда "көлеңкелі экономиканы" болдырмау бағытында арнайы жұмыс тобы құрылды. Мақсат - кәсіпкерлерді жаппай тексеріп, жазаға тарту емес. Керісінше, кәсіпкерлік істерін өркендету үшін тиісті салық заңнама нормаларын түсіндіру. Мамандар алдымен, Қарабұлақ ауылындағы сауда орталықтарын аралады. Бақылау-кассалық аппараттары жоқ кәсіпкерлерге ескерту жасалды. Нәтижесінде қазір көптеген кәсіпкерлер тірліктерін тиянақтаған. Арнайы құрылған топ өкілдері құрамына әкімдік, мемлекеттік кірістер басқармасы, құқық қорғау органдары мен экономика бөлімінің қызметкерлері кіріп, тексеру жүргізген.