Түркістан
EN

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу басталады

45
22.08.2023

1 қыркүйекте Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу басталады. Оған жасы 35-тен аспаған, жоғары білімді, кез келген салада жұмыс өтілі бес жылдан асатын және мемлекеттік тілді еркін меңгерген ҚР азаматтары қатыса алады. Биылғы іріктеу мемлекеттік аппараттың салалық кадрларға қажеттілігін ескере отырып жүргізілуде.Айта кетсек, бұған дейін іріктеу екі рет өткіп, алғаш 2019 жылы 300 адам, 2021 жылы 50 адам қабылданған болатын. Бүгінде 350 азаматтың 75%-ы жұмысқа орналасқан. Оның 25-і - Түркістан облысының азаматтары.