Түркістан
EN

Түркістан облысында су тасқынына қарсы іс-шара 20 аумақта жүргізіледі

86
22.08.2023

Түркістан облысында су тасқының алдын алуға қарсы іс-шаралар 20 аумақта жүргізіледі. Бүгінде «Жол картасы» жобасы аясында 11, 2 шақырым арнаға түзету мен жаға бекіту жұмыстары жасалуда. Және 1,4 шақырым арнаның жағасы тас салынған «габион» сеткасымен қапталды. Одан бөлек, 24 инженерлік  іс-шара жоспары бекітілген. Жоба бойынша Бәйдібек, Сарыағаш аудандарында дайындық жұмыстары түгел аяқталды. Қазіргі таңда Келес өзенінің 12 жерінен су арнасын бұру жұмыстары жүргізілуде.