Су бір сағатқа ғана беріледі. Алып үлгермесең, сатып алуға тура келеді. Төлеби ауданындағы Ұзынарық ауылының тұрғындары жаздың аптап ыстық кезінде сусырап отыр. Мәселеден жергілікті әкімдік те хабардар. Жауаптылар қазір өңірде ауыз су жүйесін қайта құру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтады. Бұл өз кезегінде өңірдегі тіршілік нәріне деген тапшылықты шешпек. Толығырақ әріптесім Өркен Мырзабек тақатады.