Түркістан
EN

«Жұмысқа тұрғызамын» деп жұртты алдаған алаяқ ұсталды

104
21.08.2023

«Вахталық жұмысқа тұрғызып беремін». Әлеуметтік желіге осындай жарнама салып, есепшотына ақша аудартып алған алаяқ құрықталды. 10 тұрғынға 1 200 000 теңгеге жуық материалдық шығын келтірген күдікті азамат Түркістан облысы мен Шымкент қаласы аумағында жасырынып жүрген. Кибер полиция қызметкерлері жалпы Hi-Tech» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында екі тәулікте бұрын тіркелген 14 қылмыстық істі ашқан.Қазіргі таңда аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі «Алаяқтық» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті бұрын да дәл осындай алаяқтық жасағаны үшін істі болған.