Түркістан
EN

Үкімет басшысы: «Қазақстан» шахтасында болған апатқа кінәлілер қатаң жауапқа тартылады

90
21.08.2023

Қарағанды облысындағы «Қазақстан» шахтасында болған апатқа кінәлілер қатаң жауапқа тартылады. Өңірге жұмыс сапарымен барған Премьер-Министр Әлихан Смайылов осылай деді. Үкімет басшысы қаза тапқан шахтерлердің отбасы мүшелерімен кездесіп, көңіл айтты. Оларға мемлекет пен жұмыс беруші тарапынан барлық қажетті көмек көрсетілетінін жеткізді. Одан бөлек, компания марқұмдардың жанұясына кеншілердің жылдық жалақысының 10 еселенген мөлшерінде біржолғы өтемақы төлеп, жерлеу шараларын өткізу шығындарын өтейтін болады. Баспанасы болмаған жағдайда Қарағанды облысында пәтер беріледі. Қаза тапқан кеншілердің балалары жоғары оқу орнында тегін білім алады. «Сондай-ақ, отбасы мүшелерін жұмысқа орналастыру және ипотекалық несиелерді өтеу бойынша шаралар қабылдайды», - деді Премьер-Министр.