Түркістан
EN

Президент Вьетнамға ресми сапармен барды

57
21.08.2023

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнамға ресми сапармен барды. Президенттің сапары Ба Динь алаңындағы Ұлт қаһармандары монументіне гүл шоғын қоюдан басталды. Сонымен қатар, гүл шоғын қою рәсіміне Қазақстанның ресми делегациясы да қатысты. Бүгін Қазақстан Президенті Вьетнам елінің басшылығымен келіссөздер жүргізіп, екі елдің сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын дамыту жайын талқылайды. Сондай-ақ, бірқатар өнеркәсіп нысанын аралап көріп, ірі бизнес өкілдерімен кездесу өткізеді деп жоспарланған.