Түркістан
EN

Жаңа оқу жылына дайындық

156
18.08.2023

Түркістан облысында 5 мектеп жаңа оқу жылына дайын емес. Егер білім ошақтарындағы күрделі жөндеу жұмыстары аяқталмаған жағдайда оқушылар уақытша онлайн білім алады. Бұл туралы Түркістан облысы білім басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Ардақ Мәдіханқызы мәлімдеді. Қазір Түркістан облысында 1000 мектеп бар, оның 907-сі мемлекеттік. Оларда жалпы саны – 514 мыңға жуық оқушы білім алады. Бүгінгі таңда білім беру ордаларында тиісті ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Олардың ішінде 907 мемлекеттік мектепте ағымдағы жөндеу жұмыстары толық аяқталыпты.