Түркістан
EN

Елдегі жанармай бекеттерінде қауіпсіздікті сақтау жөнінде нұсқамалар берілді

244
18.08.2023

Махачкаладағы жанармай бекетіндегі алапат жарылыстан кейін елдегі бекеттерде қауіпсіздікті сақтау жөнінде нұсқамалар берілді. Аталған мәселе ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті мен облыстық төтенше жағдайлар департаменті өткізген дөңгелек үстелде талқыланды. Сондай-ақ жиында өнеркәсіптік қауіпсіздік заңнамасына енгізілген бірқатар өзгерістер сөз болды. Шараға автогаз бен жанармай құю бекеттерінің өкілдері арнайы шақырылды.