Ауғанстаннан жақында елге жеткізілген 35 этникалық қазақ енді Ақмола облысында тұрады. Отанға оралған төрт отбасының бірі Көкшетау қаласында, қалғандары Атбасар, Бурабай, Сандықтау аудандарына қоныстанады. Олар жақын күндері жұмысқа орналастырылып, балалары мектептерге барады. Сондай-ақ, отбасының әрбір мүшесіне 204 мың теңге көлемінде бір реттік қаржылай көмек алады. Айта кетсем, Тәуелсіздік жылдарында Ақмола облысына келген қандастар саны 9 мыңға жуықтады.