Шипалы суымен танылған Сарыағаш ауданы жылдан жылға көркейіп, дамып келеді. Экономиканың басты көрсеткіші – жалпы өңірлік өнім көлемі өңірде соңғы 3 жылда 1,3 есе өсіп, былтыр 224 млрд. теңгеге жеткен. Сондай-ақ өңірде құрылыс жұмыстарының көлемі былтыр 7 млрд. теңгеден асыпты. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сарығаш ауданының тұрғындарымен кездесуде осылай деді. Тағы өңірде қандай тындырымды тірліктер атқарылған? Тілші репортажында толығырақ.