Түркістан
EN

Президент шахтадағы өртке байланысты тергеу жүргізуді тапсырды

56
18.08.2023

Мемлекет басшысы «Қазақстан» шахтасында болған өртке байланысты Үкіметке және Қарағанды облысының әкімдігіне апат себептеріне жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ зардап шеккендерге көмек көрсетуді жүктеді. Еске салайық, «Қазақстан» шахтасында өрт кеше болып, кенші қаза тапты. Үш адам іздестіріліп жатыр. Өрттен зардап шеккен 11 кенші емдеу мекемелерінде жатыр. Олардың 2-еуі үй жағдайында амбулаторлық бақылауда.Қазір жедел штаб құрылып, іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Мамандар «кеншілерде өзін-өзі құтқару құрылғысы болған», - дейді. Бірақ ондағы ауа шамамен 5 сағатқа ғана жетеді екен.