Түркістан облысында 135 мектепте спорт залы жоқ. Ал 153 мектеп асханамен қамтылмаған. Оған қоса жаңа оқу жылы басталар шақта оқушыларды қабылдауға дайын емес мектептер бар. Бұл туралы бүгін, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы өткізген білім саласындағы өзекті мәселелер бойынша партиялық тыңдауда белгілі болды.