Мемлекет басшысы Ішкі істер министрін қабылдады. Марат Ахметжановтың сөзінше, жыл басынан бері құқық қорғау және арнаулы органдардың бірлескен күш-жігерінің нәтижесінде 14,3 тонна есірткі тәркіленген. 52 зертхана жойылды. Сондай-ақ елде ұйымдасқан қылмыстық топтардың әрекеттері бойынша 37 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Адам саудасына қатысты 111 қылмыс анықталды. Қасым-Жомарт Тоқаев өз кезегінде құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыру жөнінде бірқатар міндет жүктеді.