Аймақ басшысы Созақ ауданы Шолаққорған ауданында салынып жатқан спорт кешені құрылысымен танысты. Заманауи үлгідегі «Спорттық-сауықтыру» нысанында футзал, бокс, күрес залы, 25 метрлік бассейн, сондай-ақ, кешеннің сыртқы аумағында футбол, баскетбол, волейбол алаңдары, жеңіл атлетика жолы қарастырылған. Жобаның құны 2 млрдтан асады. Айта кетсек, 200 орындық кешеннің құрылысы халықтың сұранысы бойынша, облыс әкімінің тапсырмасымен басталды. Жалпы ауданы 3 га болатын спорт кешені 2024 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланған.