Еліміздің бірқатар облыстарында, сонымен қатар, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында сыбайлас жемқорлардан қайтарылған қаражатқа 62 мектеп салынады. Оқу-ағарту министрлігі арнайы бұйрыққа қол қойды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді. Астана қаласы мен Алматы облысында 10 мектеп, Түркістан облысында 9 мектеп, ал қалғандары еліміздің басқа өңірлерінде салынады. Бүгінде сыбайлас жемқорлардан қайтарып алынған қаражатты жинақтайтын арнайы қор жұмыс істеп тұр. Былтыр желтоқсан айынан бері есепшотқа 151,6 млрд теңге түскен. Бастама жалпы білім беру мекемелеріндегі орын тапшылығын жою мәселелеріне бағытталып отыр.