Бәйдібек ауданы, Шаян ауылынан 100 мың кітап қоры бар кітапхана ашылды. Қос қабатты, зәулім ғимаратта оқырманға бар жағдай жасалған. Бұл жерде кітап оқумен қатар, пікірталастар, тұлғалармен кездесу өткізіп тұруға болады. Мәдениет ошағының ашылуына келген Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жаңа кітапханаға сиясы кеппеген бірнеше туынды тарту етті. Кітап қорын шет тіліндегі басылымдармен де толықтыру керектігін айтқан әкім "ауылдағы жағдай қаладан кем болмауы керек", - деді. Жалпы, Бәйдібек ауданында 25 кітапхана жұмыс істейді. Оның 23-і ауылдық, біреуі аудандық орталық кітапхана және бір балалар кітапханасы бар. Ондағы кітап қоры 200 мыңнан асады.