Түркістан
EN

«Жайлы мектеп» құрылысы басталды

406
16.08.2023

Бәйдібек ауданында «жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 300 орындық мектептің құрылысы басталды. Білім ошағы келесі жылы пайдалануға берілмек. Шаян елді мекенінде құны 300 млн. теңгеге 300 орындық «Зейін school» жеке меншік мектептің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Нысан осы жылы қыркүйек айында ел игілігіне беріледі. Бұл туралы аудан жұртшылығымен кездесуде облыс әкімі мәлімдеді. Сондай-ақ өңір басшысының сөзінше, биыл оқушылардың сапалы білім алуына толық жағдай жасау үшін, 190 млн. теңгеге 24 жаңа модификациялық кабинеттер алып беруге қаржы қаралыпты.