Түркістан
EN

Жаңа басшы тағайындалды

173
15.08.2023

Түркістан облысына ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Құрақбаев келді. Іс-сапар барысында Дархан Құрақбаев облыс активі мен құзырлы орган басшыларымен кездесті. Жиында ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы таныстырылды. Бұл қызметке Мұрат Ахтанұлы тағайындалды. Бұған дейін Мұрат Ахтанұлы Қызылорда облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің басшысы қызметін атқарған. Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірқатар мәселелер қозғалды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «Жемқорлыққа қарсы жұмыстар біздің өңірде тұрақты түрде жүргізіліп келе жатқан және бұл біздің ұдайы назарымызда тұрған мәселе. Осы бағытта әрі қарай да бірлесіп жұмыс істейміз деп сенемін» - деп пікір білдірді.