Түркістан облысында балалардың жазғы демалысын тиімді өткізу мақсатында жыл басынан бері ауқымды шаралар өткізіліп келеді. Солардың бірі - Жас туристер станциясының ұйымдастырған кештері. Биылғы шаралар легін Келес ауданы қорытындылады. «Жайдарлы жаз» атты концерттік кеште келестік балалар жиналған жұртшылыққа өз өнерлерін паш етті. Сондай-ақ лагерьда ат әбзелдерінен көрме қойылды. Ондағы мақсат - бүлдіршіндердің бойында ұлттық сана қалыптастыру. Балалар онда атқа мініп, ұлттық сусындардан дәм татты. Содан соң қайықпен серуендеді. Қысқасы, лагерьде демалып жатқан балалар бүгінде күнделікті өмірде ұшырата бермейтін үй жануарларына бой үйретті әрі қазақы салтпен танысты.