Енді жарық, жылу, су, газ, жалпы тұрғын-үй коммуналдық жүйесіндегі ақау мен апаттық жағдайларда мекеме аралап, әуре-сарсаңға түсудің қажеті жоқ. Себебі 109 бірыңғай желісіне хабарласып, мәселеңізді жеткізсеңіз болғаны, тез арада шешімін табады. Бұрын тек Түркістан мен Кентау қалаларында болған бұл жүйе бүгінде бүкіл облыс бойынша өтініш қабылдайды. Бірыңғай желінің жыл басынан бергі жұмысы туралы толығырақ тілші материалында.