Түркістан
EN

Кедендік алымдар мәселесі қаралды

48
15.08.2023

Мұнай өнімдерін сыртқа көлікпен тасымалдауға тыйым салу мерзімі 6 айға ұзарды. Мақсат - ішкі нарықта бензин және дизель тапшылығын болдырмау әрі көлеңкелі бизнесті жою. Өйткені жанармайды заңсыз экспорттайтындар азаймай тұр. Мәселен, жыл басынан бері  «Атамекен» шекаралық бекетінің өзінде 8019 литр дизель мемлекет пайдасына тәркіленген. Өзбекстанның үш бірдей облысымен шектесетін Түркістан облысында жалпы шекара сызығы 958,76 шақырым, бекеттердің саны - алтау. Биыл олардың бюджетке өндірген кедендік төлемдер мен салықтар көлемі 21.8 млрд теңгені құрады, өсу қарқыны 120%.