«Көлеңкелі экономикамен күрес жүргізіп, қазына қаржысын еселеген жөн». Осылай деген Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды апталық апарат отырысында кәсіпкерлердің заң талаптарын бұзып, табысын жасырып, салықтан жалтару әрекетіне бей-жай қарамау керектігін айтты. Облыс әкімі сондай-ақ жаңа кәсіп ашу бағытындағы жұмыстарға күш салуды тапсырды. Сондай-ақ, жергілікті бюджеттің салықтық түсімдері бойынша жоспардың толық орындалуын жіті бақылауда ұстауды жүктеді.