Түркістан
EN

Қазақстанда вирустың жаңа түрлері анықталды

102
22.09.2021

Қазақстанның 4 өңірінде коронавирустың жаңа штамы анықталды. Бұл мәліметті денсаулық сақтау министрі Алексей Цой растады. Нигериялық ETA штамы осы жылдың тамыз айында науқастардан алынған коронавирустық инфекцияны генетикалық зерттеудің нәтижесінде белгілі болып отыр. Айта кетсем, "Eta" штамы туралы алғаш рет 2020 жылдың желтоқсан айында ақпарат тарады. Дерттің белгілері дене қызуының жоғары болуы, жөтел, иіс пен дәм сезбеу, дененің ауыруы. Осыған байланысты денсаулық сақтау министрлігі әрбір қазақстандықты өз денсаулығын және жақындары мен туыстарының денсаулығына қамқорлықпен қарап, вакцинациядан өтуге шақырады.