Қайтарымсыз грант алып, тігін кәсібін дамытып отыр. Кентаулық Гүлдана Ертаева жасау тігіп, қолжетімді бағада сатуда. Көздің жауын алатын әдемі құрақ көрпе мен жастықтарды өзге өңірлерден арнайы іздеп келетіндер де жеткілікті екен. Бүгінде келіншек екі адамды жұмыспен қамтып отыр. Толығырақ тілші материалында.