Кәсіпкерлерді заңсыз тексерушілерге «QR-код» тосқауыл болады. Бұл туралы бүгін Түркістан облысының прокурорлары мен кәсіпкерлер палатасының кездесуінде айтылды. Мобильді жұмыс тобы іскер азаматтардың құқығын қорғауға арналған «QR код» жобасын таныстырды. Цифрлық технологияның арқасында өтініш беру анағұрлым жылдам іске асады. Әрі тиісті органдарға бір мезетте түседі. Нақтырақ айтсақ, заңсыз тексеруге тап болған кез-келген кәсіпкер QR-ды сканерлеу арқылы арнайы сайтта шағым қалдырып, фото, видео дәлелдер жүктей алады. Прокуратураның әр ауданда арнайы өкілдері бар.