Түркістан
EN

Түркістанда «Al-Farabi» интеллектуалды сайысы өтті

332
14.08.2023

Түркістанда республикалық «Әл-фараби» интеллектуалды ойыны өтті. Шараның мақсаты – дарынды жастарды анықтап, олардың танымдық қызығушылықтарын ояту арқылы білім деңгейін көтеру. Жастар арасында ораторлық мәдениетті дамыту бағытында ұйымдастырылған сайысқа 50-ге жуық команда қатысты. Оның ішінде Түркістан облысынан бөлек, Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Жамбыл және Қызылорда облыстарынан келген 200-ден астам жас зиялы бақ сынады.