Түркістан облысының 62 ауылында мүлде байланыс жоқ. Көпшілігінде халық саны 250-ге жетпейді. Сондықтан да бұл ауылдарға ұялы байланыс операторлары базалық станция орнатудан бас тартуда. Өйткені құны қымбат құрылғыны қою тиімсіз дейді. Дегенмен, туризм саласы қарқынды дамып келе жатқан өңірде байланыс сапасын арттыру маңызды. Бұл туралы облыс әкімі Дархан Сатыбалды «Қазақтелеком» басшысы Қуанышбек Есекеевпен өткен кездесуінде айтты.