«Turkistan» арнайы экономикалық аймағын инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету 6 кезеңмен іске асырылады. Газбен қамту, жол салудан бастап, су және кәріз жүйесімен, жарықпен қамту жұмыстарын жүргізуге дейін. Сондай-ақ абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жоспарланған. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «Turkistan» арнайы экономикалық аймағын аралап, құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Газ құбырларының ұзындығы 25,4, ал жол – 3,6 шақырым. Облыс әкімі тиісті сала басшыларына инженерлік- инфрақұрылыммен қамту жұмыстарының кешіктірілмеуін назарға алып, жұмыс қарқынын арттыруды тапсырды.