Түркістан облысында 1 апта ішінде 850-ден астам құқықбұзушылық тіркелді. Бұл дерек "Жасөспірім" профилактикалық іс-шарасы барысында анықталған. 6 күнге созылған тексеріс нәтижесінде 787 кәмелетке толмаған бала түнгі уақытта үйден тыс жерде жүрген. Сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған 9 жасөспірім балаларды қолдау орталығына жеткізілді. Салдарынан балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамаған 78 ата-ана есепке қойылған.