Жыл он екі ай білім алатын жас жеткіншектер жазды асыға күтеді. Себебі онда демалып, ой сергітіп, бой жаза алады. Елімізде балалардың жазғы демалысын тиімді өткізуге жақсы жағдай жасалған. Соның бірден бір дәлелі - біздегі лагерлер. Дәл қазір онда балалар қалай демалып жатыр? Жеткіншектерге онда қандай жағдай жасалған. Бұл туралы Төлеби ауданы Қасқасу өңіріне барып қайтқан тілшіміз тарқатады.