Түркістан
EN

Құрылыс нысанына қатысты шағым түскен

131
11.08.2023

Жыл басынан бері Түркістан облыс аумағындағы бюджет және жеке қаражат есебінен салынған 188 құрылыс нысандарында заң бұзушылық анықталған. Оларға әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес 256 хаттама толтырылды. Әрі  61 млн теңгеден аса айыппұл салынды. Оның 50,5 млн теңгесі өндіріліп облыстық бюджетке қайтарылды. Мамандардың айтуынша өткен жылмен салыстырғанда әкімшілік айыппұл мөлшері 46,2% артқан. Қазір заңға сәйкес заңсыз өз бетінше салынған құрылыстарды мәжбүрлеп бұздыру туралы 13 талап пен арыз сотқа жолданып, тиісті жұмыстар атқарылуда.