Түркістан
EN

Түркістандық әкелер неге алимент төлемейді?

110
22.09.2021

Түркістан облысы бойынша 18 мың азамат алимент төлеуге міндетті. Ал, оның 600-ге жуығы өзінің бауыр еті баласына беретін аз-кем өтемақыдан қашып жүр екен. Ал, қала бойынша алимент төлеушілер саны 1303 адам болса, жалтарып кетуге тырысқандар саны 150 ден асады. Бүгін балаларының алдында берешегі бар азаматтарды анықтау мақсатында қалалық прокуратура өкілдері мен жергілікті жол-патрульдік полицийлері рейд жүргізді. Нәтижесінде, мемлекетке қарыз азаматтардың көліктерін саудаға шығарып, қарыздарын өндірмек. Бүгінге дейін облыс бойынша 113 мыңнан астам азаматтың үстінен тап осы мәселе бойынша әкімшілік іс қозғалған. Сонымен қатар, осы рейдте 54 мыңнан астам азаматтың салық төлемей жүргені де белгілі болды.