Түркістан облысында жасанды жаңбыр жаудыратын қондырғы орнатылды

518
2023.08.10

Қолдан жаңбыр жауғызды. Мұндайды естуіңіз бар ма? Апта басында Түркістан облысында 3 ай жазда жаумаған жауын жауды. Табиғаттың тылсым мінезі дерсіз. Алайда бұл адам қолымен жасалған технология арқылы шақырылған жауын. Нақтырақ айтар болсақ, халықаралық климат өзгерту технологиялары мекемесінің мамандары Шымкент индустриялық аймағында жасанды жаңбыр жауғызу құрылғыларын орнатқан. Бұл тұрғындардың денсаулығына зиянын тигізбей ме? Тілшіміз анықтап көрді.