Мақтаарал ауданында із-түссіз жоғалған әйел әлі табылмады. 10 күн бұрын хабарсыз кеткен Гүлсім Наржігітованы іздеуге жергілікті полициядан бөлек, көрші аудандағы қызметкерлер де тартылған. Із кесушілер егістік алқабы, ағын су, ну қамыстың арасында тінтуде. Ол соңғы рет құны 1 млн. теңгеден асатын алтын бұйымдарды сатуға үйінен шығып кеткен.