Түркістан
EN

Түркістан облысында жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілер анықталды

65
10.08.2023

Түркістан облысында жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілер анықталды. Олардың бірі той кортежінде жол ережесін сақтамаған және рұқсат етілмейтін қызыл-көк түсті маяк орнатып, тіпті мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз жүрген. Оны полицейлер әлеуметтік желіге тараған бейнежазба арқылы анықтап, жауапқа тартты. Жүгенсіз жүргізуші Қазығұрт ауданының тұрғыны екені анықталған. Ал екінші бейнежазбадағы Lada Granta көлігін басқарған шымкенттік тұрғын екені белгілі болған. Қазір оның жеке басы анықталып, тәртіп сақшыларымен іздестіру жұмыстары жүргізілуде.