Түлкібастағы түйіткілді мәселелерді назарға алған өңір басшысы Сайрам ауданының тұрғындарымен де кездесті. Жәй сөз емес, нақты іске көшуді мақсат тұтқан әкім жүйелі жұмыстарды айта келе, шикіліктердің де барын жасырмады. Кездесу барысында тұрғындар өңір басшысына көкейтесті сауалдары мен пікірлерін емін-еркін айтуға мүмкіндік алды.