Түркістан облысының жас депутаттар мен әкімдерінің бірлескен кездесуі өтті. Облыстық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған жиынның мақсаты - билік пен белсенді жастар арасында тығыз байланыс орнату. Кездесу барысында депутаттар елімізде жүргізіліп жатқан реформалар, жастарды қолдау үшін мемлекет тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар туралы сөз қозғады. Облыс бойынша мемлекеттік бағдарламалармен қамтылатын жастардың жылдық үлесі баяндалды. Жиын барысында өңірде іске қосылған "Жастар кадрлық резервін" жобасы жайлы да ақпарат берілді.