«Қазақстан жаңа экономикалық модельге көшуі керек». Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысына жұмыс сапары барысында айтты. Онда жылу электр орталығында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарымен танысты. Салынғанына жарты ғасырдан асқан нысан содан бері дұрыс жөндеу көрмепті. Нәтижесінде былтыр құбырлар жарылып, тұтас қала қақаған қыста жылусыз қалған еді. Қазір орталықтағы барлық қазандық жөнделуде.