Түркістан облысында жасы жүзден асқан 78-ге жуық қария тұрады. Солардың бірі - Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Немет Абдурасилов. Қан майданда қарсыластарына қаймықпай қарсы тұрған қария бүгінде 101 жасқа келген. Бір ғасыр жасап, бала-шағасынан немере-шөбере сүйіп отырған ақсақалда не арман деп ойлауыңыз мүмкін. Алайда ардагердің талай жылдан бері орындалмай келе жатқан бір үлкен арманы бар екен. Толығырақ тілші материалынан көріңіздер.