Түркістан
EN

Түркістан облысында 3 жылда 100-ге жуық мектеп салынады

165
09.08.2023

Түркістан облыс болып құрылғалы 86 мектеп салынған. Ал өткен жылы 34 жаңа мектептің құрылысы аяқталды. Алдағы 3 жылда 100-ге жуық білім ошағы салынады деп жоспарланып отыр. Нәтижесінде бұл аймақтағы 35 мың орынның тапшылығын жояды. Сондай-ақ, жаңа оқу жылында Түркістан облысында 6 мемлекеттік, 7 жекеменшік мектеп пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін 20-дан астам жекеменшік білім ұялары ашылады. Өңірдегі 894 мемлекеттік мектептің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен тиісті қаржы бөлінді. Осы арқылы бейнебақылау, турникет, қоршау, дабыл түймесі орнатылады. Арнайы күзет қызметімен қамтылады. Сонымен қатар, облыста 1-4 сыныптағы оқушыларды тегін тамақпен қамтамасыз ету мәселесі толық шешілді.