Түркістан
EN

Түлкібастықтар өңір басшысына сұрақтарын қойып, шешу жолдарын талқылады

64
09.08.2023

Түлкібастықтар өңір басшысына көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, шешу жолдарын талқылады. Әсіресе ауыз су, жол және бизнесті қолдау хақында сұрақтар көп болды. Дархан Сатыбалды аталған мәселелерге қатысты дереу жауаптыларға тапсырма беріп, жұмысқа жауапсыздық танытқандарды сынға алды. Соның бірі Түлкібас кентін жайлаған күлімсі иіс хақында болды. Өңір басшысы жергілікті билікке күн ысығанда "жағымсыз иістен терезелерімізді аша алмай қалдық" деген тұрғын шағымын дереу реттеуді тапсырды.